Кеш келген кешірім
Бұл бетте «Кеш келген кешірім» атты Оразбай Сарыбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әлдилеп жанды,
Құшағына алса қара жер,
Тозған бір тастың
Маңдайын сипар самал жел.
Жұлдызым сөнбей,
Кешірсең егер өткенді,
Кешікпей тұрып,
Ажалдан бұрын хабар бер.
Жанартау сынды,
Сағыныш оты атқылап,
Сарқылдым әбден,
Жанардан жасым тамшылап.
Күтсем де қанша,
Көз тігіп сенің жолыңа,
Жоғалдың неге,
Сағымдай болып бұлдырап.
Болған соң пенде,
Өтті ғой талай қателік.
Жүректі қинап,
Сенделтіп жүрме өкініп.
Жазықты болсам,
Кешірші мені алдыңда.
Өмірдің өзі
Бір келген қысқа тіршілік.
Өкпені қойшы,
Өткізбе бекер күндерді.
Онсыз да менің
Көтерер қайғым жетеді.
Өлшеулі ғұмыр
Екінші рет берілмес.
Тоқтамас уақыт,
Кезіктірмес қайта біздерді...
Автор: Оразбай Сарыбаев
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі