Қанның құны туралы диалог
Бұл бетте «Қанның құны туралы диалог» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Мұнай құнын бiлесiң,
Алтын құнын бiлесiң,
Қанның құны қаншалық?»
«Сутегiн! – деп күлесiң, –
Қанымды өлшеп көргем жоқ,
Ешкiмге қан бергем жоқ.
Ердiң құны – мың-ақ қой,
Қанға берер теңгем жоқ!»
...Қара қанды шолақ ат,
Қу жаныңды тонап ап,
Құтылады қой төлеп,
Қайран қанға обал-ақ!..
Жерге сiңген қан – өзен,
Көкке ұшқан жан – өзен.
Мүгедек боп қалды ғой,
Адам деген дәрежең!..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі