Әже алақаны
Бұл бетте «Әже алақаны» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған әже туралы өлең берілген.
Менiң әжем ақын жан болмаса да,
Маман адам жүрекке жол жасауға.
Төр алдында отырар қолмен – түбiт,
Көңiлiмен ой түтiп қай-қашанда.
Әсiресе, әжемнiң көзi нұрлы,
Демде ұйытып әкетер сезiмiңдi.
Шүйке бүккен аялы алақаны,
Себетiндей ақ сүттей мейiрiмдi.
Аясында жүрiп сол алақанның,
Кiшiпейiл, зерделi бала атандым.
Уысындағы шомылып шуақ-селге,
Жүрегiме мол жылу, мол от алдым.
Аясында бесiкке бөленген ем,
Аясында қол созғам өлеңге мен.
Мейiрiмi шексiз мол сол қолдарға,
Қарызым бар шексiз мол төленбеген.
Сол алақан мұңайсам жадыратқан,
Тоңдырмаған өтсе де небiр ақпан.
Сол алақан көңiлдiң жайлауына
Ойларымның қозысын жамыратқан.
Мен сүретiн алдымда өмiр қанша?
Есейгенше бөлмеппiн көңiлдi онша:
Сипады ма лақтырып тастау үшiн
Маңдайыма жазылған сорым болса?!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі