Көтер басты!
Бұл бетте «Көтер басты!» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көтер басты, ауыл менен астана,
Тақсiретiң тас төбеңнен басса да.
Бар дүние бойын тiктеп жатқанда
Бұғып қалар тамыры жоқ тас қана.
Көтер басты,
Еркiндiктi ел сосын,
Сенiң асқақ өр тұлғаңмен өлшесiн.
Мешiн күйi қала берер едi ғой,
Егер адам тiктемесе еңсесiн.
Көтер басты, қатарға кеп тұр, бауыр,
Басы жоқты менсiнбейдi бұл дәуiр.
Бiр қарап қой Хантәңiрi, Мұзтауға,
Санаңа зор салмақ түссе зiлмауыр.
Өз жерiңе өзiң би бол,
Мұң жұтпа,
Тура қара ар-намысқа, шындыққа.
Еркiндiктiң есiгiнен еркiн кiр,
Өзiңдi өзiң байлап бермей құлдыққа.
Күмiлжiме, көтер басты жоғары,
Жаңғырықсын азаттықтың өр әнi.
Шаш ал десе бас алатын шабарман,
Басың болса бұғып бiткен жоқ әлi.
Көтер басты,
Көтер басты, қандасым,
Осы жырдың өзiң шырқа жалғасын.
Төбемiзден төнiп келген Ай – қылыш,
Мына жұрттың басы жоқ деп қалмасын!..
Көтер басты!!!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі