Бостандық
Бұл бетте «Бостандық» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мұзарт шыңдай тұратұғын мұнартып,
Қол жетпеген арман едің құны артық.
Сенің атың дұғамыздан түспеген,
Қасиеттеп тағатұғын тұмар қып.
Кешіп жүріп қан аралас көз жасын,
Аңсап едік, құштарланып, құмартып.
Азаттықты ар-намысқа сыңар қып,
Сұлап едiк самырсындай құлар тiк.
Қаншама ақын атыңды атап көз жұмған,
Жүректер мен жүйкелерге жүк артып.
Сыңғырлаған бұлақтарды суалтып,
Сыбдырлаған құрақтарды қуартып,
Үміт нұры үзілерде үздігіп,
Келген едің жыл құсындай қуантып.
Енді бүгін қадіріңді қашырдық.
«Сенген қойым сен болсаң...» деп кінә артып...
О, Бостандық!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі