Жалықтым, әбден тойдым даңғазаға
Бұл бетте «Жалықтым, әбден тойдым даңғазаға» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жалықтым, әбден тойдым даңғазаға,
Жүйкеңдi жүндей түтсе жан қала ма?
Жүйрiкке жайдақ мiнiп жетсем бе екен
Жусаны желкiлдеген маң далаға.
Көңiл ғой атой берген айдаладан,
Әйтпесе қайран жүйрiк қайда маған?
Айналма автобустың маршруты
Тұсаса қадамымды қайда барам?
Кеңдiктi тәрк етiп кеп тығылғаным –
Тар қапас құшағы екен, ұғынғаным!
Арыны
Арқандаулы арғымақтың
Арқырап басылғандай – бүгiн халiм.
Самал жел желпiп өтсе анда-санда,
Серпiлiп, сергiп қалам қай-қашан да.
Сол сәтте арқан үзер асау мiнез
Сыбырлап дейдi маған: «Самға! Самға!»
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі