Н мен Ң
Бұл бетте «Н мен Ң» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Н» деген – басқа әріп,
«Ң» да бар басқалық.
Қатені байқайық,
Дұрыстап айтайық.
Ал, кәне, бастайық,
Абдырап, саспайық.
Ын-ын-ын, ын-ын-ын,
Ың-ың-ың, ың-ың-ың.
Сен-сен-сен, сең-сең-сең,
Мен-мен-мен, мең-мең-мең
Бас қадам он-оннан,
Іс болсын оң-оңнан!
Кигенге тон қалың,
Сүйменге тоң қалың.
Айтқаның шын болсын,
Шыққаның шың болсын!
Жақсы жұрт қайынды,
Жақсы тал қайыңды.
Өзгенің білгенін,
Жақсы ғой білгенің!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі