Тек
Бұл бетте «Тек» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
- Баба кім?
- Түп ата баласы!
- Ата кім?
- Бабаның баласы!
- Әке кім?
- Атаның баласы!
- Бала кім?
- Әкенің баласы!
- Немере?
- Баланың баласы!
- Шөбере?
- Немере баласы!
- Шөпшек кім?
- Шөбере баласы!
- Немене?
- Шөпшектің баласы!
- Туажат?
- Шөпшектің баласы!
Бәріне ортақ құн –
Шаңырақ бағасы.
Тегіңе жол тапқын,
Қазақтың баласы.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі