Айлакер түлкі
Бұл бетте «Айлакер түлкі» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қу түлкі құйрығы бұлаңдап,
Өзгені көзіне ілмеді.
Жағымпаз, айлакер сылаңдап,
Өзінен мықтыны күндеді.
Арыздап патшаға қағынды,
Жолбарыс, қасқырды, аюды,
Арыстан ырқына бағынды,
Ойлаған оңайдан баюды.
Ұсаққа айналып ірілер,
Түлкінің табаны таптатады.
Әділдік қалмады жүгінер,
Шибөрі қыңсылап қаптады...
Есекті өзімен сүйреді,
Төмендеу есепке ұғымы.
Осылай бір орман күйреді,
«Ұлы» деп жағымпаз ұрыны!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі