Кене мен күшік

Бұл бетте «Кене мен күшік» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Болам -  деп, таскене, - дос мықты,
Күшікке қолқасын салыпты.
Қабылдап күшік  те достықты,
Таскене жабысып алыпты.
Бауыры күшіктің ұнады,
Сипаған күн сайын адам да.
Үйшікте тұрақтап тұрады,
Ауысты содан соң амалға.
Болған соң сенімді қонағы,
Ойы да орнықты кененің.
Күшіктің қанын ол сорады,
Асықпай орындап дегенін.
Тойған соң қарыны керіліп,
Қош – деді, пәтшағыр досына!
 Ақкөңіл дос қалды желініп,
«Досының» ісінен шошына!
«Амал дос -  өмірдің қысқасы,
Пайданың жолына құрылған!
Адал дос - өмірдің нұсқасы,
Бұзылмас жаралған ұғымнан!»


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері