Құрқылтай мен көкек

Бұл бетте «Құрқылтай мен көкек» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ұясына бір тымбай,
Шөптің жиып нәрлісін.
Құс төресі құрқылтай,
Салады екен бар күшін.
Ұясының қасына,
Көкек бір күн қоныпты.
Қызғаныш кеп басына,
Құрқылтайға жолықты.
Деді – «Неткен азап күн –
Шөп-шалаңды жинаған.
Қажеті не азаптың,
Сонша жанды қинаған?
- Азаптанбай жұмысқа,
Жат ұяны алғайсың.
Таңдап неге жұмыртқа,
Мен сияқты салмайсың?»
- «Дұрыс емес осының» -
деп, құрқылтай тіл қатты.
- «Мен адамзат досымын,
Ұям содан сымбатты.
Ұям  шипа, ем дейді,
Салам солай нұсқасын.
Дерті барды емдейді,
Балапаным ұшқасын!
Сен білмейсің киені,
Ұяң ыстық екенін!
Еңбегі бар сүйеді,
Қасиетті мекенін!»


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері