Ауылдың ағалары

Бұл бетте «Ауылдың ағалары» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қазағымның жері бай, даласы кең,
Кең даланың даңқы зор данасымен.
Ауылымен баласы мақтанғанда,
Мақтанады ауылы баласымен.

Қайырмасы:
Елімнің даралары,
Еңбектің қара нары,
Ауылдың ағалары.

Еңбегімен есейген сары даланың,
Қайратыңа ағалар таң қаламын.
Арқалаған үмітін туған жердің,
Ағалардай жігерлі барма адамың?

Қайырмасы

Мұра қылған тарихы бабалары,
Сол ауылдың биік ғой ағалары.
Батасымен үлкендер жолы болған,
Ағалармен еліміз жаңарады.

Қайырмасы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері