Бауырым-ай

Бұл бетте «Бауырым-ай» атты Талап Таймасұлы жазған бауыр туралы өлең берілген.

Бабалар аманаты –
Ұрпақтың ғаламаты.
Бауырлар бірлігінде
Әулеттің саламаты.
Бауырым-ай.

Қайырмасы:

Бауырым-ай, сен екенсің,
Бауырым-ай – мерекемсің,
Бауырым-ай – берекемсің,
Бауырым-ай.
Бауырым-ай – тілегімсің,
Бауырым-ай – жүрегімсің,
Бауырым-ай – тірегімсің,
Бауырым-ай.

Көрмесең сағынатын,
Қиналсаң табылатын,
Жаныңа жылу беріп,
Шырақ боп жағылатын.
Бауырым-ай.

Қайырмасы

Бауырым тілектесім,
Бір туған жүректесім.
Өмірің өріс жайған,
Тарылтып жүдетпесін.
Бауырым-ай.

Қайырмасы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері