Оралдың өміріме

Бұл бетте «Оралдың өміріме» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тербелгейсің аққуым боп өмірдің айдынында,
Шын ғашықтар тәтті мұңын татады қайғының да!
Өмір деген – махаббаттың сан сынақ машақаты,
Жеңе білсе, сезім күшің сарқылмас байлығың да.

Қайырмасы:

Өмірім балайды сені көркем,
Шырайлы сенімен көңілім де.
Көп тосып күтіп ем сені еркем,
Оралдың өміріме!

Жүрегім тапқандай теңін, еркем,
Өзгерді жүректің өңі мүлдем.
Көп тосып күтіп ем сені еркем,
Оралдың өміріме!

Бізге куә көк аспанды баспасын бұлыңғыры,
Іздеп өтер ай да, күн де көгінде бірін-бірі.
Сені іздедім, жылуынан жүректің бар есімім,
Жанарымда бүршік атқан жұпарлы, шырын гүлі!

Қайырмасы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері