Қоштасудың қиыны-ай
Бұл бетте «Қоштасудың қиыны-ай» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бағыт қиын өткелсіз,
Шуақ болмас көктемсіз.
Сыздатады жүректі,
Тағдыр сыйлап өткен күз.
Қанат жазбай кеңге біз,
Адасамыз демде біз.
Жұмбақ өмір арбаған,
Періште емес пендеміз.
Қайырмасы:
Тағдырдың бұл сыйыны-ай,
Арбап алған құйындай.
Сезім сөнбей жүректен,
Қоштасудың қиыны-ай.
Босап тұнық айдыным,
Сыңар болды қайғы-мұң.
Жұлдызы өшіп көңілден,
Қара түнек ай, күнім.
Өмір суық жоғалсаң,
Ғұмыр жаздай оралсаң.
Қандай жақсы аққуым,
Айдыныңа қона алсаң.
Қайырмасы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі