Құрбы-құрдас

Бұл бетте «Құрбы-құрдас» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мектепті көрдік, білімге бастап қадамды,
Ұстазды көрдік, ұстадық алғаш қаламды.
Ақ бантик байлап, ақ көйлек киген ұл-қыздың,
Партадан бастап, іргесі өмір қаланды.

Қайырмасы:
Құрбы-құрдас – тұлым шақтар,
Қызықты ұғым шақтар!
Балалық балдәуренің естелік сырын сақтар!
Құрбы-құрдас – шат кезімдер,
Тілеулес, нақ сенімдер!
Парталас, кластас – алғашқы пәк сезімдер!

Еркелік қалды, айырбас жасап арманға,
Түледік, ұштық, жолдама қолға алғанда.
Қаландық өмір кірпіші болып жан-жақта,
Мақсатын табар, қалауың жолға салғанда.

Қайырмасы

Армандар емес, кеудеде бүгін сағыныш,
Қайдасың достар, әзілмен өтті, жалын іс.
Кездескен сәтте бозбала менен бойжеткен,
Сезімі болып, көңілден саумал қанып іш.

Қайырмасы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері