Қараша қарашаның қанатында
Бұл бетте «Қараша қарашаның қанатында» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жауып тұр қарашада
тамаша қар,
Дегендей ақ мамықпен
жараса қал.
Бауырын қара бұлтқа шайып алып,
Тағы да қайтты, әне,
қарашалар.
Барады мұздап, бәлкім,
жан самалы,
Қоштасқан жүрегінен
қан тамады.
Сезбейміз қиқулаған құс үндері –
Ұқтырып бара жатыр
қаншаманы.
Қар үсті жаңбыр баиау
тамшылады,
Ақ қардың бауырына
шаншылады.
Мөлдіреп түскен, мүмкін, түйір тамшы –
Қараша көз жасының тамшылары...
Көрінбей кетті ұшып
қараша қаз,
Біз қалдық қармен ойнап
балаша мәз.
Оралар қараша қаз қанатында –
Оралмас кетті тағы
тамаша жаз!
Пенделер сыймай жатса
жерінде кең,
Қоңыр қаз туған жерден безінбеген.
Құс мұңын қайдан сезсін пенде-тірлік,
Өз мұңын, өз қадірін
сезінбеген!
Қараша.
Қараша жұрт.
Қарашалар,
Ақты да қара жүрек қара санар.
Жүрегін туған жермен соқтырғандар –
Оралған қарашадай бақ ашалар.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі