Қырдағы қараша

Бұл бетте «Қырдағы қараша» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Желегі жоқ жайқалар,
Ағаш біткен сұрланып,
Қыстың демі байқалар
Қабақ ашпай қырда бұлт.

Өршелене, өшіге
Ызбарланды ауа тым.
Бүгін дала төсіне
Түрі бар қар жауатын.

Алаңдаса аналар,
Отын-суын уайымдап,
Қуанып жүр балалар,
Шаналарын дайындап.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері