Бұлттар

Бұл бетте «Бұлттар» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақпын, сұрмын, қарамын,
Еркесімін даланың.
Жел тиіссе, жасымды
Төгіп-төгіп аламын.

Ақпын, бозғылт, қарамын,
Қазбауырмын, аламын.
Шөліркеген бауларды
Суарып бір аламын.

Ақпын, сұрмын, қарамын,
Баурап аспан алабын,
Диқандарға септесіп,
Жайқалтамын танабын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері