Гепард

Бұл бетте «Гепард» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сағатына жүз жиырма
Шақырымды алатын,
Гепард аң бартүз, қырда
Жарыс десе жанатын.

Екпінімен қыранның
Тап бергенін құтқармас,
Оны көрсе, бар аңның
Өн бойында құт қалмас.

Үзер алғаш кермені
Күлігіндей хандардың.
Жүйрігі бұл жердегі
Төрт аяқты аңдардың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері