Абылай
Бұл бетте «Абылай» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«ХVIII ғ. хандардың ішіндегі ең мықтысы Орта жүз ханы Абылай (1771–1781).» — А. И. Тевкелев
Аңсағаны – азат күн,
Абылай – ханы қазақтың.
Алашты жиып бір туға,
Арнасын бұзған азаптың.
Ар-ұжданын қайраған,
Ата салтқа бай бабам,
Ақ киізге көтеріп,
Ардақтап хан сайлаған.
Арыстандай айбатты ер,
Ақылы асқан қайраткер.
Ақ туының астында
Ата жауын жайратты ел.
Алты алаштың ұраны,
Ақиығы, қыраны.
Абылайдай болып өс,
Азат елдің ұланы!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі