Алғадай
Бұл бетте «Алғадай» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алғадай – шығып жекпе-жек,
Ұрысқа кіру бетпе-бет.
Тиюі тиіс әр соққың
Нысанаға дөппе-дөп.
Ең басты күш – жүректе,
Тайсалма тек, дір етпе.
Тәсіліңді пайдалан
Сенім арт та білекке.
Ақыл-айла, еппенен
Машық қажет көптеген.
Саналмаған батыр боп,
Алғадайдан өтпеген.
Алғадай – айқас, жоқ теңі,
Жеңілер қапы кеткені.
Шеберлік, қайрат шыңдалар,
Алғадай – ерлік мектебі.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі