Әз

Бұл бетте «Әз» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Айтылар есім алдында
Атау болып ол енді,
Білдіреді задында
Игі, жайсаң дегенді.
Атаған солай алашы,
Көңлінен шыққан ұлығын.
Әз Тәуке деген, қарашы,
Сеппей ме шафқат жылуын?!.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері