Бауыржан Момышұлы
Бұл бетте «Бауыржан Момышұлы» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ерлігі аңыз, ғажап тым.
Өтінде қалып тозақтың,
Үш рет шыққан қоршаудан
Біртуар ұлы қазақтың.
Ерлердей келген ертектен,
Елі үшін қан мен тер төккен.
Ақиқат өмірбаянын
Аңыз ғып айтар ел көптен.
Жүктеген шақта ел сенім,
Жайпаған талай жау шебін,
Қол бастаған қаһарман
Бауыржан бабаң ол сенің.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі