Вася
Бұл бетте «Вася» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Соғыс кезі. Украина жерінде,
Ұлы Кобзарь елінде,
Осы аттас пайда болды партизан
Ешкім білмес аты-жөнін, тегін де.
Оқ өтінде тұрған кезде, тасадан
Шыға келген жас адам,
Құтқарушы тәңіріндей көрініп,
Жұрттың бәрі айналады “Васядан”.
“Вася, – дейді – бізді өлімнен құтқарған,
Мекені оның – құтты орман”.
Әр хутордың алғыс сөзін арқалап,
“Вася” ерлігі күн-күн сайын шықты алдан.
“Васясы” кім?!. Білмейді ешкім анығын,
Айтар сөзі бәрінің:
“Қараторы, өр тұлғалы, айбатты ер,
Бізге ептеп келмесі бар әрінің...”
Аузында ол Украина халқының
Қастерлейтін алтынын.
Батылдығы аңыз болып шертілді
Үлгісіндей ұлы ерлік салтының.
...Өткен майдан тар жол, тайғақ кешуін
Атап бізге “Васяның” шын есімін,
Кім табады бұл жұмбақтың шешуін?..
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі