Жәнібек Тархан
Бұл бетте «Жәнібек Тархан» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алпыс арна Торғайды
Шапқан жаудан қорғайды.
Әрі шешен, әрі би
Деректер көп ол жайлы.
Тархан деген ат алған,
Жүрек жұтқан қаһарман,
Ұлы атасы Шақшақтан
Бала кезден бата алған.
Шақшақұлы Жәнібек
“Ата дұшпан қане!” – деп,
Жекпе-жекке шығатын
Ар-намысын жанып от.
Берік ұстам, байламы,
Ақылды еді, айлалы.
Ұрымтал тұста қолданар
Өз машығы - салманы.
Қимылы да қас-қағым,
Қолбасы еді жас дарын.
Менменсіген талайдың
Домалатқан бастарын.
Шақшақұлы Жәнібек
Туған Торғай таңы боп.
Айта берсең ерлігін
Аңыздары әлі көп.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі