Исатай
Бұл бетте «Исатай» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
“Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім...”
Махамбет.
Исатайдың ерлігін
Бала жастан білесің.
Түрген түнек түндігін
Таныс саған бұл есім.
“Қара қазан, сары бала”
Күні үшін жарасты,
Езгідегі пәруана
Бас көтерткен алашты.
Қолбасы әрі көсемі
Сол сұрапыл майданның.
Маңдай соры бес елі
Қайран Жайық, қайран құм...
Кетпес үшін қолды боп,
Ақтабан атқа ер салған.
Майдан ашып қанды кек,
“Еңку-еңку жер шалған”.
Қайран баба, қайран ер,
Мерт болса да елі үшін,
Бүгін міне, қаймана ел
Көріп отыр жемісін.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі