Абыздардың атасы –
Нысанбай жырау толғайтын,
Дастанның атын аташы,
Білдірер өзі-ақ мол жайтын.
Қан кеше жүріп тобықтан,
Көзімен көрген жорықтан
Шындықты жырлап, көрікті
Ойымен көркем қорытқан.
Асудан қилы бірге асқан –
Нысанбай шерткен жыр дастан
“Кенесары – Наурызбай”
Дастаны еді бұл дастан.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі