Ордабасы
Бұл бетте «Ордабасы» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жоңғардан көріп зорлықты,
Шұбыра көшіп, босқанда ел,
Мәмілеге келіп орнықты,
Үш жүздің басын қосқан жер.
Қайтару үшін жер, көлін,
Асу да асу белдерін,
Қазыбек, Төле бас болып
Жинаған би мен ерлерін.
Молайтар жаудың моласын,
Белгілеп жорық жобасын,
“Аңырақай” сынды шайқастар
Осы жерден алған жол басын.
...Бейбіт күн күліп көгінде,
Биіктен шолған жер үстін –
Ордабасы бүгінде
Айғағы ұлы Жеңістің!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі