Панфилов
Бұл бетте «Панфилов» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тұтқиылдан шеп бұзған
Жауына төккен кекті ызбар
Генерал-майор Панфилов
Өмірінде текті із бар.
Бөлмес ұлтқа, нәсілге,
Жетік айла-тәсілге,
Қолбасы екен байсалды,
Тапқыр шұғыл шешімге.
Жылы сөзді, мадақты,
Қолбасшыны атақты,
Панфиловшы сарбаздар
Әкеміз деп атапты.
Көпке беріп жең ұшын,
Жақындатқан жеңісін,
Айбынды Ер командир
Жанын қиған елі үшін.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі