Панфиловшылар ерлігі
Бұл бетте «Панфиловшылар ерлігі» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
“Россия кең байтақ...
Бірақ шегінетін жер жоқ.
Артымызда – Москва.”
В.Г. Клочков.
Дайындалған алты айлап,
Жастар намыс оты ойнап,
Мәскеудің дәл түбінде,
Майданға кірген атойлап.
Салып қуат, бар жанын,
Сарқып қасық қандарын,
Мұз құрсанған дұшпанды
Аттатпады қарға адым.
Жасқанбастан қаһардан,
Табылып бір қатардан,
Ұлы ерлікті паш етті
Ұландарым қаһарман.
Алматылық қырандар
Жайлы аңыз, ұлы ән бар.
Тарихта қалды осылай
Панфиловшы ұландар.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі