Өтінде майдан шебінің,
Жеңіс болса басты арман.
Бейбіт күнде елінің
Қорғанысын басқарған.
Батыр атаң Сағадат,
Қазақтан шыққан генерал.
Өткен жолын саралап,
Зейнетте бүгін демалар.
Отан шебін қорғасқан
Жібермей жауды бұлтаққа.
Өмірі – аңыз, жыр-дастан
Үлгі-өнеге ұрпаққа.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі