Хангелді батыр
Бұл бетте «Хангелді батыр» атты Арасанбай Естенов жазған ерлік туралы өлең берілген.
Азулы да Айқасқа
Батырдың бірі – Хангелді.
Қалмақпен қалың шайқаста
Жан алысып, жан берді.
Қабанбаймен майдандас
Жауды бірге асырған.
Албанның елі, меймандос
Шыққан тегі асылдан.
Райымбектей жас ұлдың
Айтулы туған атасы.
(Сынығындай асылдың
Тиген де болар батасы).
Игі іске баулып ботасын,
Болашақ күткен жақсы ұлдан.
Ерліктің эстафетасын
Немересіне тапсырған.
Батырдың сырбаз саңлағы,
Ерлігін елге танытқан.
Хангелді батыр аруағы
Өшпейді мәңгі тарихтан.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі