Шарасыз шақты не дейді?

Бұл бетте «Шарасыз шақты не дейді?» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

– Шахмат та соғыс өнері,
Шайқасып алар тақтада.
Жасағың саған сенеді,
Қолбасшы өзің тек қана.
...Тұйыққа қолың тіреліп,
Шахтан да хабар көбейді.
Дәл осындай тірі өлік
Шарасыз шақты не дейді?
– Кезігіп қиын аптапқа,
Таба алмай жүріс, қаталар
Шарасыз шақтар шахматта
Цейтнот деп аталар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері