Эскадрилья

Бұл бетте «Эскадрилья» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

– Білікті ойға бекемім,
Түстеп, түптеп мекенін,
Эскадрилья дегеннің
Айтып берші не екенін.
– Мекені – көктің қас төрі,
Жоғары өте қастері.
Әуе күштеріндегі
Бөлімше ол әскери.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері