Ұқсас, ұйқас есімдер

Бұл бетте «Ұқсас, ұйқас есімдер» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Юлий
Юлий – Цезарь патшаңыз,
Ол жайлы білеміз жақсы аңыз.
«Келдім, көрдім, жеңдім» – деу
Соның сөзі бақсаңыз.

Юрий
Юрий – ғарышкер Гагарин,
Одан да бар шығар хабарың.
Тұңғыш боп ғарышты айналып,
Әлемнің төрт қылған жанарын.

Алмасып ағысты жылғалар,
Көнеріп дәуірлер... жыл қалар.
Өмірде мәңгілік өлмейтін
Осындай тарихи тұлғалар.

Сілтеме ескертпесі:
*Понтий патшасы Фарнакпен соғыста тез жеңіске жеткен Цезарь Римдегі досына осылай хабар жөнелткен екен. Бүгінде ол қанатты сөзге айналған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері