Біләл Сүлеев
Бұл бетте «Біләл Сүлеев» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Мамания»* түлегі,
Қараша елдің тірегі.
Ел ертеңін көксеген
Қайраткердің бірі еді.
Бойда жалын жастығы,
НарКомпрос бастығы.
Қайткен күнде елінің
Көзін ашу бас мұңы.
Оқуды ойлап күн-түні,
Жүрген шақта бір күні
НКВД індетіп,
Жетті «ұлтшылдық» күркірі.
Ілім-білім – қорегі,
Елін сүйген ер еді.
Оралмады тұтқыннан
Болмастан еш дерегі.
Титтей түйіндеме:
Біләл Сүлеев (1893-1937) – 1928-1930 жылдары Алматыдағы, Семейдегі ағарту институттарында ректор болған. 1937 жылдың соңғы айларында Қарақалпақ Халық Ағарту Комиссариатын (НарКомПрос) басқарып тұрған кезінде екінші рет тұтқынға алынып, содан оралмаған.
*Мамания – 1899 жылдан іргесі қаланған мектеп-медресе.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі