Ғұмар Қараш
Бұл бетте «Ғұмар Қараш» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Мезгілсіз ерте туған таңнан қорқам,
Жауынсыз құр желдеткен шаңнан қорқам.
Таң туды, мезгіл жетті деп адасып,
Құрылған қараңғыда заңнан қорқам».
— Ғұмар Қараш
Ұстаздың көріп қолдауын,
Шәңгерейден бата алған.
Әйгілі Алашорданың
«Ұраншысы» атанған.
Педагог, ақын, көзі ашық
Ер еді оттай алаулар.
Көрмеген бастан сөз асып,
Кектенді ашкөз қараулар.
«Тұрымтай» мен «Қарлығаш»*
Жарыққа шыққан кітап боп,
Көрініп жауға жаны қас
Қарсы біткен бұтақ боп.
Бел шешпей жүрген кезінде
Түлетпек болып қыр елін,
Дұшпаны жаннан безінген
Көре алмай ұлтшыл жүрегін...
Құдайым берген ырыс, бақ
Көре алмай отты жырын да,
Өлтірді ақыр қылыштап,
Құнаншапқан қырында.
Сілтеме ескертпесі:
*«Тұрымтай», «Қарлығаш» – жарық көрген кітаптары.
Титтей түйіндеме:
Ғұмар Қараш (1875-1921) – көрнекті ақын, ойшыл-философ, ағартушы-қайраткер. 1921 жылы 12 сәуірде қарақшылар қолынан қаза болады. Отызыншы жылдары молла ақын, Алашорданың жыршысы ретінде бағаланса, 1947 жылдан буржуазиялық-ұлтшыл сарындағы ақын саналып, шығармаларын оқуға тыйым салынып келген.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі