Есенқұл қажы

Бұл бетте «Есенқұл қажы» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«...Альфред Нобель жолыменен Есенқұл қажы бай Маманов жүріп отыр. Роман жазған адамға ақшалата бәйге тігіп отыр, жазылған романдарды білгірлердің сынына беріп отыр...»
— «Айқап» журналы, №7-8, 1915 жыл.

Елі үшін туған бір озық ұл,
Бай, мырза, өзі би, өзі құл,
Гүлденткен «Мамания» мектебін
Атақты Есенқұл қажы бұл.
«Қазаққа», «Айқапқа» көмегі...
Өзге де рақымы көп еді.
Жариялап роман бәйгесін
Атанған қазақтың Нобелі.
Білімі, зейіні – нар күші,
Үлгі алар ісінен бар кісі,
Осындай текті ердің түбіне
Жетті ғой қызылдың тәркісі!..

Есенқұл қажы Маманұлы (1880–1932) – 1913 жылы Орынбордағы «Қазақ» газеті арқылы қазақ романына бәйге жариялаған меценат. «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының үзбей жарық көріп тұруына қаржылай көмек көрсеткен мырзалардың бірі. 1928 жылы мал-мүлкі тәркіленіп, Орынборға жер аударылып, 1932 жылы айдауда жүргенде өкпе ауруынан қайтыс болған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері