Қошке (Қошмұхаммед) Кемеңгерұлы

Бұл бетте «Қошке (Қошмұхаммед) Кемеңгерұлы» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Ғынуардың 13 күні кешкі сағат 6-да мемлекеттік ұлт театрының ашылу мерекесі болады. Театрдың әртістері Кемеңгерұлының “Алтын сақинасын” қояды».
— «Еңбекші қазақ» газеті, 13.01.1926 ж.

Қошмұхаммед – шын аты,
Қошке болып танылды.
Ілім-білім – мұраты,
Жазушы еді дарынды.
Арқасүйер танып ел
Кісілігі молдығын,
Ұстаз, ғалым, дәрігер
Түлегі еді Омбының.
Ойы ұшқыр, білікті
Арысыма алымды
«Қызылдарға күдікті
Жау» – деп жала таңылды.
Бейбіт асу жолдағы сөніп үміт нұр бағы,
Болды осылай ол дағы
Репрессияның құрбаны.

Қошке (Қошмұхаммед) Кемеңгерұлы (1896–1937) – жазушы, ғалым, тіл маманы, дәрігер. 1924–1930 жылдары Ташкент пединститутында және әскери училищеде ұстаздық еткен. 1930 жылы тұтқынға алынып, 1932–1935 жылдары Украинаның Волуйки деген жерінде айдауда болады. 1937 жылы 7 тамызда «Совет үкіметін құлатуды көздеген Сібірдегі ұлтшыл жасырын ұйымның жетекшісі» деген жаламен ұсталып, 21 қарашада жендеттер қолынан қаза табады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері