Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Мағжан Жұмабаев» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«...Не көрсем де, алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!
Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін!..»
— Мағжан Жұмабаев.

Жаны сұлу, тән сұлу,
Ол жырлаған ән сұлу.
Ақын еді сырлы саз
Әлдилеген таң сұлу.
Сезім сұлу, ар сұлу,
«Сүйген ғашық жар сұлу».
Мөлдіреген жыр еді
Басын иген сан сұлу.
Тіміскілер зәнталақ
Аш қасқырдай анталап,
«Алаш» – деді, «ақ» – деді,
Сезім сырын жаңқалап.
Қанішерлер тылсымнан
Кінә тағып құлшынған,
Қиды осылай алаштың
Сұлу жырын қыршыннан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері