Тұрар Рысқұлов

Бұл бетте «Тұрар Рысқұлов» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Ер туған жеріне,
Ит тойған жеріне»
Халық нақылы.

Ел басқарған айнытпай
Далаға тән рухпен.
Тең сөйлескен қаймықпай
Сталиндей ұлықпен.
Әзілі отты құралдай
Бас хатшыны бұқтырған.
Атамыз бұл Тұрардай
Түркі десе тақ тұрған.
Сезген шақта талқысын
Голощекин қаскөйдің,
Тәркі еткен халқы үшін
Қызметін де Мәскеудің.
Асып туған ақылы,
От қойғандай білтеге.
(Мұндай істің ақыры
Жақсылықпен біте ме?..)
Сөз сөйлейтін жүйелеп,
Тілге шешен батырды,
«Пантюркист» деп, күйелеп,
Тозағына батырды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері