Ұзақ Саурықұлы

Бұл бетте «Ұзақ Саурықұлы» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алданбай шекпен мен шеніне,
Бас ұрмай заңына патшаның,
Асқардай қорған боп еліне,
Бермеген майданға жастарын.
Қилы бір кезеңде сұстанған,
Аяусыз күресіп қастықпен,
Батыр бұл тайсалмай дұшпаннан,
Елі үшін өлімге бас тіккен.

Титтей түйіндеме:
Ұзақ Саурықұлы (1855–1916) – Ақ патшаның жарлығына қарсы шыққаны үшін атылған 1916 жылғы Қарқара көтерілісі көсемдерінің бірі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері