Фатима Ғабитова

Бұл бетте «Фатима Ғабитова» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Қанды жыл – мың тоғыз жүз отыз жеті,
Айдаһар алғырға арнап зәрін төкті.
Орны толмас сан сұңқар қанат қақты,
Еріксіз ұшқан олар қайда кетті?»
Фатима Ғабитова.

Ілиястай дүлдүлдің
Болғаны үшін жұбайы,
Шексіз қуғын-сүргінді
Жаза тартқан ұдайы.
Жүрсе дағы айдауда,
Жеңе алмаған тақсірет,
Берік шешім, байламға
Ана еді ақ тілек.
Іштей төгіп зар үнін,
Түссе де көп сүргінге,
Мол мұрасын жарының
Жеткізді аман бұл күнге.
Көріп кәрін, зәрін де
Итаршының әуейі,
Жеңіп шыққан бәрін де,
«Жаудың» ару әйелі.
Өтіп уақыт тезінен,
Жайқалды да бәйтерек,
Куә болған көзімен
Жеткізді елге бай дерек.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері