Халел Досмұхамедұлы
Бұл бетте «Халел Досмұхамедұлы» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Ұлт мемлекетін жасап, қазақ арасынан әлеуметшілік туғызамыз деген дәуірде тұрмыз...»
Халел Досмұхамедұлы.
Бірлікке үндеп түрікті,
Рух алған «Алаштан»,
Дәрігер ол білікті,
Қараша елге қарасқан.
Іздестіріп халқына ем,
Күрескен көп дертпенен,
Әдет-ғұрпын, салты мен
Фольклорын зерттеген.
Азаттық деп таныған,
Болашағын жұртының.
Ар-ожданын жаныған
Қайраткері ұлтының.
Сан ғылымды меңгерген
Елін сүйген ұл еді.
Жұтып тынды жау көрген
Зұлмат заман түнегі.
Титтей түйіндеме:
Халел Досмұхамедұлы (1883–1939) – көрнекті саяси күрескер, қоғам және мемлекет қайраткері, қарымды қаламгер әрі зерттеуші ғалым. Санкт-Петербург әскери-медицина академиясын бітірген. 1938 жылғы 26 шілдеде Ресейдің Воронеж қаласында отбасымен айдауда жүрген жерінде НКВД-ның тұтқынына алынып, Алматы түрмесіне жеткізіледі. 1939 жылы 24 сәуірде ату жазасына кесіліп, сол жылдың 19 тамызында түрме ауруханасында қайтыс болды.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі