Шәкәрім Құдайбердіұлы
Бұл бетте «Шәкәрім Құдайбердіұлы» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шежірелі жыры мен
Діннен тауып мұратын,
Толстойдай ұлымен
Хат жазысып тұратын.
Ілім-білім тергені,
Шәкірті еді Абайдың.
Имандылық – сенгені,
Ислам жолы ақ айдын.
Араласпай шен, таққа,
Жазу болып білері,
Ел ішінен аулақта
Тірлік кешіп жүр еді.
Кеңге салып арқаны,
Асқаны сол шатқалды,
Атып салды қорқауы
Жансызы деп ақтардың...
Мол мұрасы барша асыл
Түсіп «қара құлыпқа»,
Мүрдесі де қанша жыл
Азап шекті құдықта.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі