Ілияс Жансүгіров
Бұл бетте «Ілияс Жансүгіров» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сөз маржанын тізілтіп,
Күмбез салған дастаннан,
Аққу үнін үзілтіп,
Сыр алдырған аспаннан.
«Ағынды Ақсу» – ардағы,
Сағынышы – құба бел.
Төкпе жырдың тарланы,
Ақын еді Құлагер.
Ол бастаған жыр-көштің
Биік еді тұғыры.
Көзі тиіп күндестің
Қысқа болды ғұмыры.
Қапияда мерт қылған
Батыраштың бір оғы,
Өзегінде өрт тұнған
Құлагер деп біл оны.
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі