Түйін
Бұл бетте «Түйін» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(сөз соңы)
Саясатшыл жендеті
Зиялымды жау жасап,
Отыз жеті нәубеті
Өтті осылай қанқасап.
Өттік аман, кәззаптық
Қуғын-сүргін, аштықтан.
Жетті міне, Азаттық!
Атты міне, ақтық таң!
Осы – сенің жеңісің!
Осы – сенің жыр-әнің!
Тәуелсіздік жемісін
Қастерлеп өт, ұланым!
«Алаш!» – пірің, ұраның.
Қазақстан – ұлы әнің!
Жайнай берсін, лайым
Атамекен тұрағың!
Қолдап, қорғап Құдайым,
Желкілдеп өс, шырағым!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі