Бөскен-Өскен

Бұл бетте «Бөскен-Өскен» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өмірбайдың Өскені,
Есіліп бір бөскені.
Көтеріпті бір қолмен
Қымыз толы бөшкені.
Қостап қойсаң бөспені,
Қыза түсер ескені.
Бір-ақ ұрып қақ бөлер
Зом темірді төстегі.
...Бөскенменен қаншама
Желсөз бермес әл-шама.
Бөскен-Өскен атанып,
Күлкі боп жүр баршаға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері