Қала бермей шет бұғып,
Өскенің жөн көпті ұғып.
Ақылға сай күшіңе
Қажеті енді ептілік.
Спортта да жекпе-жек,
Бар істе де еп керек.
Жалқау болсаң, босбелбеу
Жүрме оған өкпелеп.
Ептілікте – шын қару,
Мыңды беріп, мыңды алу.
Ептіліктің мектебі –
Шымырлану, шыңдалу.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі